Құрметті ТАЛАПКЕР, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Дене мәдениеті және спорт факультетіне түсуге шақырамыз

«Дене мәдениеті және спорт факультеті» Қарағанды педагогика институтының базасында 1964-жылы құрылды.

Бұл күндері дене мәдениеті және спорт факультеті дегеніміз:

  • 700-ден аса студенттер;
  • 50-ден аса оқытушылар. Оның ішінде: 3 ғылым докторлары, 16 ғылым кандидаттары, 15 ғылым магистрлері, 7 спорт шеберлері, 5 халықаралық дәрежедегі төрешілер, 3 ҚР еңбек сіңірген бапкері және 5 ҚР спортының құрметті қызметкерлері;
  • төрт маманданған кафедралар:
  • Дене мәдениеті мен спорттың ілімі және әдістемелік негіздері және спорттық медицина
  • Бастапқы әскери дайындық
  • Дене тәрбиесі
  • гимнастика, күрес, бокс, спорт ойындары және жеңіл атлетика манежінен тұратын ірі оқу-жаттығу кешені;
  • «Бастапқы әскери дайындық» және «Дене мәдениеті және спорт» мамандықтары бойынша бакалавр кадрларын, сондай-ақ «Бастапқы әскери дайындық» және «Дене мәдениеті және спорт» мамандықтары бойынша магистрлерді даярлау.

Барлық мамандықтар бойынша оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Факультетте түрлі уақыттарда Олимпиада ойындарының чемпиондары, Әлем, Еуропа, Азия және КСРО-ның жеңімпаздары мен жүлдегерлері оқыды

  • ауыр атлетикадан олимпиада чемпионы Зайцев Ю;
  • Олимпиада ойындарына жүзуден қатысқан Абоимов В., велосипед спортынан Степаненко А., бокстан Топаев А., Абубакиров Е., Мунайтбасов К., жүзуден Гаврилов А., Савицкий А., Егоров А., Борисенко С., ескек есуден Нурмагамбетов К., велосипед спортынан Василенко А.
  • еркін күрестен Әлем және Еуропа чемпионы Абдулмуслимов М.
  • бокстан Еуропа чемпионы Нұрқазов С., Есжанов Б.
  • пауерлифтингтен Әлем, Еуропа және Азия ойындарының чемпиондары Сивоконь А., Гарник М., жеңіл атлетикадан Хамяляйнен Э., еркіңн күрестен Жапаров А., грек-рим күресінен Нуров А. Кикбоксингтен Әлем Чемпионы Папу Г.

Бокстан олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Головкин Г.

Серік Сәпиев Лондон Олимпиадасының чемпионы

2007 жыл факультеттің түлегі

  • еркін күрестен КСРО-ның чемпиондары мен жүлдегерлері Гальвас В., Жаксыбеков С., Мусабеков А.
  • бокстан олимпиада ойындарының жүлдегері Головкин Г., жеңіл атлетикадан Карпов Д.

ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушылары және білім беру саласының үздіктері атағын алған факультет түлектері Л. Тлеубаев (бокс), Н. Снегуров (ауыр атлетика).


жеңіл атлетикадан олимпиада ойындарының
қола жүлдегері Карпов Д.


Айдова Екатерина конькимен жүгіруші

Қазіргі уақытта факультет түлектері Қазақстан Республикасының білім беру саласы мен дене тәрбиесі мен спорт мекемелерінде еңбек етуде.

Дене мәдениеті және спорт факультеті даярлықты келесі мамандықтар бойынша іске асырады:

5В010800 – Дене мәдениеті және спорт

Бітірушіге «5В010800- Дене мәдениеті және спорт» мамандығы бойынша «білім бакалавры»дәрежесі беріледі.

Студенттерді даярлау кезінде келесі жағдайлар ескеріледі:

  • дене тәрбиесі, спорттық даярлық үдерісін (дене, техникалық, тактикалық, психикалық және қызметтік) жоспарлау, қадағала және басқаруды әдістемелік тұрғыдан негіздей білу;
  • ағзаға зиян келтірмей және бейімделу механизмдерін бұзбай, жоғары спорттық жетістіктерге қол жеткізу, ағзаның тиімді жұмыс істеу қабілетін арттыру және қорлық мүмкіндігін жетілдіруге қол жеткізу;
  • дене тәрбиесі саласының түрлері бойынша бұқаралық жұмыстарды ұйымдастыру мен іске асыру біліктілігі;
  • дене тәрбиесі үдерісін бағдарламалық әдістемелік деңгейде ұйымдастыру біліктілігі.

Мамандық түлектері келесі салаларда жұмыс істей алады: дене тәрбиесі мұғалімдері және жалпы орта білім беру мектептері мен колледждерде ұйымдастырушы, дене тәрбиесінің оқытушылары, БЖСМ, ЖШСМ, спорт командалары, спорт клубтарында бапкер, өндірістік ұжымдарда, туристік-экскурсиялық мекемелерде нұсқаушы, санаторий-курорт және емдік мекемелерде емдік дене тәрбиесі бойынша маман ретінде.

050104 – Бастапқы әскери дайындық

Бітірушіге «5B010400 – Бастапқы әскери дайындық» мамандығы бойынша «білім бакалавры»дәрежесі беріледі.

Студенттерді даярлау кезінде келесі жағдайлар ескеріледі:

– Әскери-патриоттық тәрбиені ұйымдастыру мен басқаруды іске асыру;

  • бастапқы әскери дайындық бойынша оқу үдерісін, бұқаралық-спорт іс-шаралары бойынша жұмыстарды жоспарлау мен өткізу;
  • азаматтық қорғаныс бойынша жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыруды іске асыру;
  • әскери-техникалық үйірмелерге жетекшілік етуді іске асыру.

Мамандық түлектері келесі салаларда жұмыс істей алады:

Жалпы орта білім беру мектептерінде, мектеп-интернаттарда, гимназиялар мен лицейлерде, арнайы орта білім беру мекемелерінде бастапқы әскери дайындық оқытушылары; білім берудің әкімшілік ұйымдарында; азаматтық қорғаныс және тіршілік қауіпсіздігін ұйымдастырушы; қауіпсіздік қызметтерінде нұсқаушы; сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде келісім-шарттық жүйе бойынша және офицерлер құрамында әскери қызметші, Ішкі істер министрлігінде, Ұлттық қауіпсіздік Комитетінде және Төтенше жағдайлар Министрліктерінде қызмет.

ДМжәнеС және БӘД мамандықтары бойынша оқуға түсу кезінде тапсырылатын емтихандар:

  1. Қазақ/орыс тілі
  2. Қазақстан тарихы
  3. Шығармашылық емтихан: 1-ші «Спорт ойындары», 2-ші «Гимнастика».

Құжаттарды тапсыру мерзімі – 20 маусымнан 1 шілдеге дейін.

Шығармашылық емтихандардың тапсырылатын мерзімдері – 2-ші шілдеден 6-шы шілдеге дейін. Шығармашылық емтихандардың нәтижелері (10-нан 25 балға дейін) ҰБТ немесе КТ (Қазақстан тарихы және қазақ/орыс тілі) нәтижелерімен қосылып есептеледі. Қосарланған балдың нәтижесінде түлек ДМжәнеС және БӘД мамандықтарына оқуға түсуге құқылы.

Барлық мамандықтар бойынша оқу үдерісі несиелік технология бойынша іске асырылады.

Үздік студенттердің оқуды 6М010800 – Дене мәдениеті және спорт, 6М010400 – Бастапқы әскери дайындық мамандықтары бойынша магистратурада жалғастыруға мүмкіндік бар

  • Лицензияның мерзімі – мерзімсіз, ( Серия АА № – 0000031 03.08.2001жылдан ҚР ҒБМ № 643 бұйрығы).

Оқыту мерзімі:
күндізгі бөлім – 4 жыл;
қысқарған, сыртқы бөлім – 3 жыл, (орта-арнайы білім базасынан кейін);
қысқарған, сыртқы бөлім – 2 жыл, (жоғары білім базасынан кейін);
Сырттан келіп оқитын студенттерге жатақханадан орын беріледі. Толыққанды демалыс және спорттың барлық түрлерімен шұғылдану үшін Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ студенттеріне барлық жағдай жасалған. Біздің университеттің студенттері үшін студенттік емхана мен прафилакторий және тұрмыс-тіршілік кешені қызмет көрсетеді. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-де спорт кешені, стадион, спорт алаңдары және студенттер сарайы мен тау шаңғысы базасы жұмыс істейді.Жазғы демалыс уақыттарында студенттер Топар су қоймасында ораналасқан спорттық-сауықтыру лагерінде, Қарқаралы және Балқаш қалаларындағы демалыс үйлерінде тынығуға мүмкіндік бар.

Дене мәдениеті және спорт факультетіне оқуға түсушілер келесі құжаттарды тапсырады:

Белгіленген форма бойынша өтініш;
Орта білім жөніндегі аттестат (түп нұсқа);
БҰТ тапсырғаны туралы сертификат;
Жеке куәлік көшірмесі (немесе оның орнын алмастыратын құжат);
3х4 өлшемді 6 фотосурет;
Скоросшиватель;
2 пошта конверті;
086 -У формалы медициналық анықтама.

Өз болашағыңды ҚарМУ-мен бірге баста!

Сіздерді қызықтырушы барлық сұрақтар бойынша әр күн сайын Дене мәдениеті және спорт факультетінің деканаты мен университеттің қабылдау комиссиясына хабарласа аласыздар.

Біздің мекен жайымыз:

Қарағанды қаласы, Мұқанов көшесі 1,

Дене мәдениеті және спорт факультетінің деканаты кабинет №301
Телефон: 77-04-34

Кафедра ТиМФК и СМ:
Адрес: Қарағанды қаласы, Мұқанов көшесі 1,корпус 7, кабинет №200
Телефон: 77-03-68

Кафедра НВП:
Адрес Қарағанды қаласы, Мұқанов көшесі 1, корпус 7, кабинет №108
Телефон: 77-04-12

Кафедра ЦВС и СИ:
Адрес: Қарағанды қаласы, Мұқанов көшесі 11а, корпус 12
Телефон: 77-04-26

Кафедра Физическое воспитание
Адрес: Қарағанды қаласы, университетская 28, корпус 1
Телефон: 77-03-93 (1098)